Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ФОТО: Үш діннің ортақ ғибадатханасы салынатын болды
Германия астанасы Берлиннің қақ ортасында иудей, мешіт және протестанттық шіркеу салынатын болды.
15:32 09.04.2018
Бірлік үйі немесе House of One деп аталатын жерде әр дін өкілдерін құрметпен қарсы алатын болады
Аталмыш ғибадатхананың ұйымдастырушылары мен идеяға шабыт бергендер мұнда атеистердің де келуіне болатынын айтады.
Жобаның идеясы - диалогқа арналған орталықта пікір алмастыру, түрлі діни көзқарасты зерттеу.
Бұл жерде түрлі дін өкілдері бас қосып, диалог жүргізе алады.
Ғибадатхананың құрылысы 2019 жылы басталады деп жоспарлануда.
Құрылыс екі жылға созылуы мүмкін.
Синагога, протестанттық шіркеу мен мешіттің бір шаңырақ астында болғанына қарамастан, бұнда дінге тиесілі ғибадатханалардың ерекшеліктері ескерілетін болады.
Мысалы, синагога мен мешіт шығысқа қарай салынады.
Дұға оқитын зал ортақ болмақ. Ортадағы кеңістікте диалогтар, кездесулер, мәслихаттар өткізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram