{metadescription}
ФОТО: Жапонияда иттерді станцияға жұмысқа алды

ФОТО: Жапонияда иттерді станцияға жұмысқа алды

Техниканың дамыған заманында жұмыс табу оңай емес. 

Жұмыс берушінің көңілінен шығу да қиын.

Төзімділік таныту, жақсы қарым-қатынас орната білу, аз жалақыны қанағат ету...

Ал бұл аталған қасиеттер иттің қолынан келетін сияқты. Тек сүйкімді болсаң жетіп жатыр!

Жапонияда Васао деген иттің станция бастығы болғаны алғаш рет емес. Оның тарихы 2011 жылдан басталады. Тап сол кезде он тұңғыш рет станция бастығы болып тағайындалыпты.

Васаоның жасы келіп қалды.  Осыдан 11 жыл бұрын 71 жастағы жапондық Сэцуко Кикуя есімді әйел оны асырап алыпты. Иттің танымалдығы ғаламтордан басталған көрінеді. Көптеген пайдаланушылар оны жақсы көріп кетіпті.

Бірінші сәуірде Васао екінші рет станция бастығы болып тағайындалды. Үлкен алаңда Такэси Кудо бұйрық хатты дауыстап оқып, тағайындау рәсімі өтті.

Енді Васаоның "қызметтестері" бар: Цубаки (қаншық), екі жастағы қызы Тёмэ. Цубаки орынбасары, ал Тёмэ - тәжірибе жинақтаушы болмақ.

Бұл дүниеде сенер-сенбесіңді білмейтін оқиғалар бар. Соның бірі осы болар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.