Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Нәрестені қорлаған дәрігердің әрекеті бейнекамераға түсіп қалды
Соңғы кездері дәрігерлердің адам шошырлық әрекеттері түсірілген бейнежазбалар көбейіп барады.
16:24 09.04.2018
Соның бірі ғаламторда жақында жарық көрді.
Ресейдің Новосібір қаласында дәрігер жаңа туған нәрестені аямай жұлқыған.
Бейнежазбаға түсіріп алған адам бұны дәрігерлерге көрсетіпті.
"Бұл жазбаны әлеуметтік желіде жарияласаң, сотқа береміз", - деген екен дәрігерлер.
6-шы сәуірде әлеуметтік желіде дәрігердің нәрестені төсекке лақтырып, жұлқылағаны туралы бейнежазба шықты.
Оқиға Новосібір қаласында болған дейді.
Куәгердің айтуынша, бұл әрекет №4 балалар ауруханасында болған. Әйел нәрестеге ЭКГ жасауға келіп, неге екені белгісіз, баланы көрші төсекке қарай лақтыра бастаған.
Нәресте - ата-анасы бас тартқан 8 айлық қыз екен.
Видеоны түсіріп алған адам шартылдаған дыбысты естігенін, бәлкім баланы соққан да болар деген күдігін жасырмайды.
Бұл роликті көрген дәрігерлер баланы түсіргені үшін сотқа береміз деп сес көрсетті. Дегенмен, өзіңіз көргендей, ролик ғаламторға тарап кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram