Елорда аялдамасында адамды аяусыз ұрған күдікті қолға түсті
Астана қаласының аялдамаларының бірінше еркекті ұрып-соққан күдіктіні астаналық полцейлеп ұстап алды.
17:27 09.04.2018
Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Кеше әлеуметтік желіде автобус аялдамасында тұрған жасы келген еркекті белгісіз біреудің ұрып-соққаны туралы бейнежазба пайда болған.
Оқыс оқиға 8-ші әуір күні Астананың Уәлиханов көшесінің бойында болған.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 290-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркелді.
тәртіп сақшылары бұл оқиғаны анықтау үшін зардап шеккен адамды да іздестіріп жатыр.
Және де аталмыш оқиға туралы деректі білетіндер Астана қаласындағы «Сарыарқа» аудандық ІІБ-не, не болмаса 8 (7172) 71-66-10, 71-66-11, 71-61-24 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуын сұрайды.
Қазір қолға түскен күдікті тергеліп жатыр.
.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!