Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Полиция пышақтасқандарға араша түсті
Бір-біріне пышақ ала жүгірген екі ер адамның арасына полиция қызметкері араша түсті.
10:00 10.04.2018
Оқиға Көкшетау қаласында 8 сәуір күні болған.
Учаскелік полицей Əлихан Қожанов өзіне жауапты аудандағы үйлердің бірінде екі адамның төбелесіп жатқанын байқап қалады.
Полиция араша түскенімен біреуі екіншісіне пышақ салып қалады.
Полиция лейтенанты ептілікпен оның пышағын қағып алды.
Пышақ салынған адамның жарасын таңып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырады.
Ұсталған адам тұрғылықты мекенжайы жоқ, зардап шегушімен бірге қосылып арақ ішіп, жанжалдасып қалған.
Аталмыш оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.
ІІД басшылығы қылмыскерді ұстауда ерлік пен кәсіби шеберлік танытқан Әлихан Қожановты марапаттау туралы шешімге келіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram