{metadescription}
Армения үкіметі отставкаға кетті

Армения үкіметі отставкаға кетті

Арменияның Үкімет басшысы Карен Карапетян президент Армен Саргсянға ел үкіметінің отставкаға кетуі туралы өтінішін таныстырды.

Армен Саргсян 9 сәуірде ел алдында ант беру рәсімінен кейін Армения Республикасының 4-ші президенті қызметіне кірісті.

 Армен Саргсян Армения президенті қызметіне кіріскен соң Карен Карапетян басқаратын үкімет отставкаға кетуі керек.

Армения үкіметінің мүшелері жаңа үкімет құрылып болғанша өз міндеттерін атқаруы тиіс.

9-16 сәуір аралығында жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылып, 17 сәуірде ашық дауыс беру арқылы Армения Үкімет басшысы тағайындалады.

15 күннің ішінде елдегі жаңа үкімет жасақталады.

 Уыс-түйістен соң Арменияның жаңа премьер-министрі Президентке вице-премьерлер мен министрлердің кандидатураларын ұсынады.

Президент үш күндік мерзімде вице-премьерлер мен министрлерді тағайындайды немесе Конституциялық сотқа жүгінеді.

Ал апелляциялық шағым болса, Конституциялық сот апелляцияны 5 күн ішінде қарайды және шешім қабылдайды.

Егер Армения президенті үш күндік мерзімде бұл шарттарды орындамаса, вице-премьерлер мен министрлердің кандидатуралары заңмен мақұлданған деп есептеледі.

 

 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.