Қырымдағы теміржол апатынан бірнеше адам қаза болды
Қырымдағы теміржол өткелінде ірі жол апаты болды.
10:20 10.04.2018
Ол жерде электрпойыз шағын автобуспен соқтығысқан.
Бастапқы мəлімет бойынша, аталмыш жол апатынан бес адам мерт болып, бірнеше адам ауыр жарақат алған.
Джанкой-Армянск бағытында жүйткіп келе жатқан электрпойызы шағын автобуспен соқтығысып, автобус жолаушылары зардап шекті.
Автобуста 13 жолаушы болыпты.
Пойыз рельстен шықпапты.
Бұл туралы Қырым республикасындағы ІІМ ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ольга Кондашева мәлімдеді.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар мен медицина мамандары жұмыс істеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!