Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
"Атырау" жаттықтырушысы отставкаға кетті
Қазақстандық маман Вахид Масудов "Атырау" футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметінен отставкаға кетті.
11:10 10.04.2018
59 жастағы Масудов командасының қанағаттандырмайтын ойынына байланысты қызметінен кететін болды.
Бастапқы төрт турда жеңіліс тапқан команда расында да жақсы нəтиже берді деуге келмейді.
Осындай сəтсіз ойыннан соң Атырау" жетекшісі қызметінен босату туралы арыз жазып, Алматыға ұшып кетті.
Клуб басшылығы Масудовтың арызын қабылдағысы келмеген.
Сосын жаттықтырушының айтқандарынан соң келісуге тура келді.
«Атырау» басшылығы енді жаңа жаттықтырушы іздестіруге кірісті.
Үміткерлер тізімінде бірнеше кандидат бар.
Оның арасында «Шахтердің» жəне «Ордабасының» бұрынғы жаттықтырушысы Виктор Кумыков бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram