{metadescription}
ВИДЕО: Қытайлықтар VR-технологияның көмегімен о дүниеге "аттандыруда"

ВИДЕО: Қытайлықтар VR-технологияның көмегімен о дүниеге "аттандыруда"

Қытайдың Бабаошань провинциясындағы жерлеу бюросында  VR-ынталандырушы іске қосылды.

Өміріңнің мән-мағынасын бағалаудың жолын қытайлықтар тапқан сияқты.

Жаңа технологияның көмегімен о дүниенің қандай екенін тамашалауға болады.

Сол жердегі мамандардың айтуынша, ажалға тап болған адам өз өмірін бағалайтын болады.

Бюроға келген адамға екі түрлі оқиға ұсынылады. Біріншісі - өз мүрдесінің кремацияға және тағы басқа жерлеу рәсіміне дайындығын көреді.

Айта кету керек, Қытайда бұл үрдіс өте күрделі өтеді.

Ал екінші сюжет - кеңседе отырып есіңнен танып қаласың. Қараңғыға сүңгіп, ауруханада ғана есіңді жиясың. Айналаңда жиналған туыстарың дәрігерден сенің мүшкіл жағдайыңды сұрап жатады. Сосын сен көз жұмасың. Тап осы сәттен бастап жарқылдаған оттай жарық дүниеден о дүниеге аттанып, бірдеме гүрс етіп жарылады. Сен жаратқанның қақпасының алдында тұрсың. Айналаң толған ақ бұлттар. Осыдан кейін кейіпкер өз өмірінің әр сәттерін сыртынан бақылайды.

Бұны қараған адамдардың пікірі екіге жарылды. Біреуі бұл психикаға әсер етеді десе, екіншісі VR технология өміріңді бағалауға себін тигізеді дейді.

Дегенмен Пекин тұрғындары бұл қызметке оң баға берді. Кейбіреулер аталмыш технологияның көмегімен қылмыскерлерді тәрбиелеуге болатынын айтуда.

Ал мамандар өліп қалған соң басыңнан өткізген уайымдар кейбір науқастардың  дертінен жазылуына көмектесе алады. Енді адамдар ажал туралы қорықпай айта алады.  

Дегенмен жаңа технология өміріңді қайта қарауға көмектескенімен, психикасы әлсіз адамға өз мүрдесінің кремацияланып жатқаны қандай әсер бермек?



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.