ШҚО-да жігіт бойжеткенді ұрып өлтірді
Шығыс Қазақстан облысындағы Таврия ауылында 21 жастағы бойжеткенді ұрып өлтірді.
14:18 12.04.2018
Оны көршілес орналасқан Привольное ауылында тұратын жас жігіт өлтірген болуы мүмкін.
«Ұлан ауданы ішкі істер бөлімінде Таврия ауылының 21 жастағы тұрғынының өліміне қатысты ҚР ҚК-ның 106-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс жатыр», - деп хабарлайды ШҚО Ішкі істер департаменті.
Полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзуы мүмкін күдіктіні құрықтады. Ол Привольное ауылының 23 жастағы тұрғыны. Күдікті тергеу изоляторына уақытша қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бейресми деректерге сәйкес, қайғылы жағдай қаза тапқан қыз тұрып жатқан ауыл маңындағы тоғанда болған. Қылмыс жасалатын түні бойжеткен жігітімен бірге демалған.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!