Қазақстандық каскадерлар Disney фильміне түседі
Қазақстандық каскадерлар Disney фильміне түседі

Қазақстандық каскадерлар Disney фильміне түседі

Атақты Disney студиясы тағы бір анимациялық туындыны қайта түсіреді.

Disney «Күлбике», «Сұлу мен құбыжық» мультфильмдерін шығарғаннан кейін, «Мулан» көркем картинасын ұсынбақшы.

Оған қазақстандық каскадерлар қатысады.

Бұл туралы Жайдарбек Күнғожинов өзінің Фейсбугтегі парақшасында жазды.

Жайдарбек Күнғожинов  - Nomad Stunts каскадерлар тобының жетекшісі. 

Ол парақшасында hollywoodreporter.com жаңалығымен бөлісе келе, Дисней мультфильмінің киноикемделуі 2018 жылдан 2020 жылға шегерілгенін жеткізді.

«Мулан» (Mulan) - 1998 жылдың 19 маусымында Walt Disney Pictures студиясы жарыққа шығарған толықметражды мультипликациялық фильмі.

Бұл студияның шығарған 36-шы толықметражды мультипликациялық фильмі.

Картинада әскерге қатысқан әйел Хуа Мулань туралы орта ғасырдағы Қытай балладасы көрсетіледі.  


 


 

Серіктестер жаңалықтары