Семейде 21 жастағы қызды пойыз қағып кетті
Семейде 21 жастағы қызды пойыз қағып кетті

Семейде 21 жастағы қызды пойыз қағып кетті

Оқыс оқиға 13 сәуір күні сағат 22.30-да Семейдің орталығында болды.

21 жастағы қыз құрбыларымен дүкеннен шығып, теміржолдан өтпекші болған. Ұялы телефоннан бас алмаған қыздар жүйткіп келе жатқан пойызды аңғармаған.

Сөйтіп бір қызды пойыз қағып кетті. 

Ол қазір ауруханада жатыр, жағдайы орташа дейді. 

Қыздар Семейдің Шәкәрім университетінің студенттері еке.

 «Қазір қыз ауруханада. Оқиғаға қатысты тексеру жүргізілуде. Қыздардың құлағында ұялы телефонның құлаққабы болғандықтан пойыздың дауысын естімеген. Жалпы, жаяу жүргіншілер теміржолдан өткенде қауіпсіздік ережесін сақтамайды. Соның салдарынан оқыс оқиғалар жиі тіркелуде. 2017 жылы Семейде 10 адамды пойыз қағып, 4-уі мерт болды. Сол себепті бәрін теміржолдан өткенде абай болуға шақырамыз», - деді Семей станциясындағы Желілік ІІБ-нің инспекторы Алтын Қасенова. 


 

Серіктестер жаңалықтары