Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Атақты режиссер өмірден озды
"Пролетая над гнездом кукушки" фильмін түсірген режиссер Милош Форман қайтыс болды.
15:00 16.04.2018
Атақты режиссердің дүние салғанын чех БАҚ-на сілтей отырып Hollywood Reporter басылымы хабарлады.
Кинорежиссер 1932 жылы Чехияның Чаславында дүниеге келген.
Оның балалық шағы бақытты өтті деу қиын - әкесін Ұлы Отан соғысы бастала салысымен тыйым салынған әдебиетті таратқаны үшін қамауға алынып, ақыры концлагерьде көз жұмды.
Ал шешесі Освенцим лагерінде қаза тапқан.
Форман интернатта тәрбиеленді. Мектептен соң Мәскеудің Бүкілодақтық кинематография институтының режиссерлік факультетіне түсті.
1968 жылы "Черный Петр", «Любовные похождения блондинки» , «Бал пожарных» түсірді (соңғы екеуі «Оскар», «Алтын арыстан» және «Алтын глобус» марапатына ұсынылған). Кейін Францияға аттанды. Сол жерде Прагаға кеңестік танктердің кіргенін естіп, Отанына оралмаймын деп шешті. Францияда қалып, кейінірек АҚШ-ша кетіп қалды.
Америкада жүріп 1975 жылы өзінің ең атақты «Пролетая над гнездом кукушки» лентасын түсірді. Бұл картина «Оскар» марапатының 5 жүлдесін, «Алтын глобустың» 6 жүлдесін жеңіп алды. Сөйтіп аталмыш картина әлем кинематографиясының классикасына айналды.
Кинорежиссердің неден қайтыс болғаны айтылмады. Милош Форманның артында әйелі мен 4 баласы қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram