{metadescription}
АҚШ тұрғыны Головкиннің портреті бар шаш үлгісін жасатып алды

АҚШ тұрғыны Головкиннің портреті бар шаш үлгісін жасатып алды

Америкадағы барбершоп қожайыны Мигель Росас әлеуметтік парақшасына Геннадий Головкинге арналған суретін жариялады.

Шаш шеберінің клиенттерінің бірінің желкесіне салынған Головкиннің бейнесі өте ұқсас етіп салынған.

GGG промоутері Том Леффлер оны жоғары бағалап, суретті әлеуметтік желісіне салған.

Айта кетсек, Мигельдің бұл бірінші жұмысы емес.

Шашқа портрет салатын шебер осыдан бұрын бірқатар музыка және спорт жұлдыздарының бейнесін салған.

Естеріңізге салсақ,  Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін 5 мамыр күні Калифорния штатында өткізбек.

Оған қарсылас болатын боксшының есімі әлі нақтыланған жоқ. 



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде