{metadescription}
Жанкүйерлер ағылшындық төрешіні қорқытып жатыр

Жанкүйерлер ағылшындық төрешіні қорқытып жатыр

Жанкүйерлер Чемпиондар лигасы 1/4 финалында мадридтік "Реал" мен туриндік "Ювентус" клубтары арасындағы жауапты кездесуге төрелік жасап, ойын соңында Джанлуиджи Буффонды алаңнан қуып, пенальти белгілеген ағылшындық төреші Майл Оливерді үркітіп-қорқытып жатыр.

Төреші әлеуметтік желіге тіркелмеген екен. Сондықтан жанкүйерлер өздерінің хаттарын төрешілің әйелі Оливераның Twitter парақшасына жіберуде екен. Оның ішінде тіпті жанкүйерлер өлтіріп кетеміз деп те жазған. Ал ойыннан кейін жанкүйерлердің бірі Люсидің нөмірін әлеуметтік желіге салып жіберген. Содан соң да жанкүйерлердің хаттары төреші әйелінің телефонына тынымсыз келіп жатыр. 

Бұл іске байланысты полиция тергеу жұмыстарын бастапты. Полиция төрешінің үйіне келіп есігін қағып, айғайлаған жанкүйерлерге байланысты істі де қарастыруда. 

Еске салайық, бұл ойында "Ювентсу" "Реалды" 3:1 есебімен жеңіп кеткен болатын. Бірақ бәрібір Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыға алмады. Себебі, бірінші ойында испаниялық клуб 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Екінші кездесудің 95-минутында Оливер "Ювентус" қақпасына пенальти белгілеп, италиялық клубтың қақпашысы Джанлуиджи Буффонды алаңған қуған еді. 

Айта кетейік, Оливер Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) сапында 2012 жылдан бері төреші болып келеді. Биыл ол Чемпиондар лигасында бес кездесуге қазылық жасаған.

Дереккөз: Vesti.kz 

ФОТО: Футбол 24

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.