Габриэль Росадо 5 мамыр күні Головкинді реваншқа шақырды
Габриэль Росадо 5 мамыр күні Головкинді реваншқа шақырды

Габриэль Росадо 5 мамыр күні Головкинді реваншқа шақырды

Америккалық боксшы Габриэль Росадо (24-11, 14 КО) орта салмақтағы WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күні жекпе-жекке шақырды. 

Габриэль Росадо 2013 жылдың қаңтар айында Головкинмен кездескен болатын. Madison Square спорт кешенінде өткен кездесуде қазақстандық боксшы жетінші раундта жеңіске жетті. 

"Мен ұзақ уақыттан бері Головкинмен реванш өткізуді армандап келемін. Қазір ол бұрынғыға қарағанда шамалы әлсіз. Мен болсам керісінше тәжірибе жинап, күшім арта түсті. Менің ойымша, бірінші кездесуде жанкүйерлер біздің жекпе-жегімізге көңілі толды. Екінші кездесу де жақсы болады деп сенемін", - деп келтіреді Росадоның сөзін BoxingScene порталы. 

Еске салайық, мексикалық Сауль "Канело" Альварес Головкинмен кездесуден бас тартқан соң, отандасымыз 5 мамыр күні кездесу өткізуге бел буған болатын. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталмады. Өткен аптада тіпті жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін деген ақпарат да шыққан еді. Өйткені, жекпе-жектің өтуіне уақыт аз қалды. Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін деген боксшылардың қатарында ирландиялық Гэри О’Салливан болды. Дегенмен де кейін ол кездесуден бас тартты.

Содан соң отандасымыздың қарсыласы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) болады делінген. Тіпті америкалық боксшы WBC және WBA ұйымдарынан рұқсат та алған. Бірақ IBF түбі армениялық боксшы кездесуге қатысуға рұқсат бермеді.

Дереккөз: Vesti.kz

ФОТО: BoxingScene

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.