Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Қазақ спортшы қарсыласын 30 секундта нокаутқа түсірді
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Еркін Дәрменов Berkut Young Eagles турнирінде қарсыласын 30 секундта нокаутқа жіберді.
15:50 16.04.2018
Еркін Шешенстанның Грозный қаласында өткен Berkut Young Eagles Grand Prix турнирінің 1/8 финалында жергілікті спортшыға қарсы жұдырықтасты.
70 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін отандасымыз Ахмед Магомадовты (2-2) 30 секундта нокаутқа жіберіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Енді Еркін 1/4 финалда Казим Туменовқа қарсы жекпе-жек өткізеді.
Berkut Young Eagles Grand Prix турнирінде әр салмақта 16 спортшыдан қатысып жатыр.
Бұл додада жеңіске жеткен спортшы АСВ тұжырымымен келісімшартқа отыруға мүмкіндік алады.
Дереккөз: Vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram