Қытай көрмесінде Димаштың концертіне билет ұтысқа қойылды
ФОТО: Қытай көрмесінде Димаштың концертіне билет ұтысқа қойылды

ФОТО: Қытай көрмесінде Димаштың концертіне билет ұтысқа қойылды

Бейжің қаласында өтіп жатқан China Outbound Travel Market-2018 көрмесінде Қазақстан брендінің ресми ашылу салтанаты болды.

Көрмеде Қазақстанның ұлттық стенді экотуризм, этнотуризм, City break, MICE туризм, шопинг, транзиттік турлар сияқты Қазақстанның туризм саласындағы қыруар мүмкіндіктері туралы айтылады.

Туристік компания ұйымдастырған ұлттық стендтің өзегі әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің сүгіреті тұрған фотозона болды. Онда әншінің Шеньчжэн қаласында өтетін концертіне билет ұтып алуға болады.

Көрмеге Қазақстанның Қытай нарығына бейімделген 12 туроператоры қатысып жатыр. Берлиндегі көрмеде жиылған жұрттың көзайымы болған Арлан театрының батыр актерлері мәдени бағдарламаны ұсынды.

Қазақстан стендінің ашылу рәсіміне ҚР-дың Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев қатысты.

Дереккөз, ФОТО: ҚазАқпарат


 


 


 

Серіктестер жаңалықтары