{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Британияда ханзада Гарридің тойына ерекше сыра қайнатылды

Ағылшын сыра қайнатушылары 19 мамырда өтетін ханзаданың тойынан шет қалмады.

Жаңа сусынды олар күйеу жігіт пен қалыңдықтың атымен атады. "Виндзор түйіні" деп аталатын сыраның құрамындағы заттар ханзада мен қалыңдықтың туған жерінен әкелінген. 

Король отбасын ерекше құрметтейтіндер қазірден бастап тойлатып жатыр. Ал үйлену тойы 19-шы мамырға жоспарланған. 

Уил Колверт, Виндзор және Итон сыра зауытының директоры:

- "Гарри мен Меган Виндзор түйіні"  деп аталатын сыраны қайнатып жатырмыз. Король фермасынан арпа жеткізілді, ол Гарридің атынан, ал құлмақ (хмель) АҚШ-тың батыс жағалауынан, яғни Меганның туған жерінен әкелінді. 

Алекс Роуландс, сыра қайнатушы:

- Құлмақтың дәмі тропикалық маракуйя мен грейпфрутқа ұқсас. Дәмі керемет! Ол - Меган. Ал дәстүрлі кәмпиттің дәмі бар британдық уыт (солод) аққұба Эльдерді еске түсіреді. 

Кезінде Виндзорда сыра қайнатушылар көп болатын. Олардың өнімдері Лондонға жеткізіліп тұрды. Соңғысы 1931 жылы жабылып, 2010 жылы қайта қолға алынды. Қазір ол заманауи технологиямен жұмыс істеп тұр. 

Айта кетсек, Уильям мен Кэтрин Мидлтонның 2011 жылғы үйлену тойында да ерекше сыра қайнатылып әзірленген болатын.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде