{metadescription}
Британдық футболшыларды орыс қызынан сақтан деп ескертуде

Британдық футболшыларды орыс қызынан сақтан деп ескертуде

"Азғырып, еліктіріп, басыңды айналдырып, дұрыс жолдан тайдырады да, дәрменсіз етеді". 

Ресейге Әлем чемпионатына қамданып жатқан британдықтар үшін тағы бір "ескерту" енгізілді.

Қауіп-қатерлер тізіміне орыстың сұлу қыздары енгізіліпті дейді.

"Кремльдің жаңа тактикасы" - Британияда орыс қыздарын осылай атады.

Қауіпсіздік және барлау маманы, профессор Энтони Глис мынаған сенімді: орыстар қарсыласын аздыру үшін ештеңеден тайынбайды.

«Ағылшын ұлттық командасы әлем чемпионатына үлкен үміт артып отырған жоқ. Ал егер жеңіске мүмкіндік туа қалса, орыстар жеңдірмеудің амалын табуға тырысады. Тамақты уласа да, болмаса ойыншыларға сұлу орыс қыздарын жіберіп басын айналдырса да - бәріне дайын. Ондай әрекет елдің стиліне тән. Мұнда жанкүйерлер мен мемлекет арасында бәлендей айырмашылық жоқ», — деп сұқбат берді ағылшындық Daily Express газетіне Энтони Глис. "Тіпті британдық шенеуніктер де орыс қыздарынан аулақ жүруге тырысады», — дейді Энтони.

Бұдан бұрын The Sun былай жазған: британдықтар жарыстарда уланып қалудан қауіптеніп отыр. Сондықтан өздерімен бірге аспазшыны ғана емес, сонымен қоса кекс, бұқтырылған бұршақ, томаттар, қыша, шайды ала келмек.

Дереккөз: Fishki.net
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.