{metadescription}
Тергеу абақтысында күдікті азамат денесін тілімдеп тастады

Тергеу абақтысында күдікті азамат денесін тілімдеп тастады

Шымкенттің уақытша тергеу абақтысында күдікті ретінде жеткізілген азамат өз-өзін жарақаттады.

Бұл туралы қалалық жедел-жәрдем ауруханасының дәрігерлері мәлімдеді.

Дәрігерлердің айтуынша, емдеу мекемесіне жеткізілген ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болғанға ұқсайды.

Оның денесін қарау барысында әр жерін өткір затпен тіліп, тамырларын кеспек болғаны анықталған.

Алайда алған жарақаты терең болмағандықтан, өміріне қауіп төнбеген.

Тиісті медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін оны құқық қорғау органы өкілдері тергеу абақтысына қайта алып кеткен.

Бұл оқиғаға қатысты облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті әзірге ешбір мәлімет таратқан жоқ.

Дереккөз:ҚазАқпарат


 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.