ВИДЕО: Қария ғаламтор көмегімен 40 жыл жоғалтқан туысқандарын тапты
Үнділік фотограф Фироз Шакир деректі фильм түсірумен айналысады.
11:52 19.04.2018
Фироз Мумбайдың кедей ауданында жүріп, Гамбхир Сингх атты ән айтып отырған қарияны көріп қалады. Оны еш ойламастан видеоға түсіріп, ғаламторға жүктеп жіберген.
Сингх қария туықандарынан адасып кеткен.
Оқиға былай болған жас кезінде әскерден оралған соң, үйінде бауырларымен сөзге келіп қалады. Осыдан кейін ренжіп, басы ауған жаққа жаққа кетіп қалыпты. Туыстары ондаған жыл бойы іздеу салғанымен, нәтижесіз болған.
Гамбхирдің өлең айтып отырған видеосын желіден көрген туыстары бірден Мумбайдағы полицияға хабарласып, жолықтырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!