Нурмагомедов пен Макгрегор келіссөзді бастады
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор Макгрегормен жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
18:23 20.04.2018
"Макгрегормен жекпе-жек бойынша келісөздер жүргізіп жатырмыз. Бірақ мен келіссөздің ұзаққа созылғанын қаламаймын. Егер жыл соңына дейін Конормен келісе алмасам, Дастин Порье немесе басқа спортшыға қарсы жұдырықтасамын", - деп келтіреді Хабибтің сөзін ресейлік "Комсомольская правда" басылымы.
Айта кетейік, ресейлік спортшы соңғы жекпе-жегін Тони Фергюсонға қарсы өткізу керек болған.
Алайда америкалық спортшы жарақат алып қалуына байланысты кездесуден бас тартқан.
Осылайша, Хабиб Нурмагомедов Эль Яквинтпен жұдырықтасып, чемпиондық белбеуін қорғап қалды.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!