Қайық аударылып 11 адам қаза тапты, алтауы із-түзсіз жоғалған
Қытайда қайық аударылып 11 адам опат болды, алтауы із-түзсіз жоғалған.
09:37 22.04.2018
Сенбіде сағат 13:40 -та Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономды ауданындағы Гуйлинь қаласы аумағында Таохуа өзенінде екі қайық соқтығысты.
Апат салдарынан 11 адам қаза тапты, тағы 6 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Гуйлинь қалалық әкімшілігінен түскен ақпаратқа қарағанда, апатқа ұшыраған қайық аударылған кезде 57 адам су ішінде қалған, олардың 40-ы құтқарылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!