Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде үлкен цех өртенді
Ақтөбеде қойма мен жонғыш цех орналасқан екі қабатты ғимарат өртенді.
15:44 22.04.2018
«21 сәуір күні 04:40-та Ақтөбе облысындағы жол құралдарына металл бөлшектер өндіретін «Адал Тау» ЖШС аумағында қойма мен жонғыш цех орналасқан екі қабатты ғимарат шатырынан өрт шықты. Өрт аумағы 500 шаршы метрге дейін таралды», - делінген Төтенше жағдайлар комитеті таратқан хабарламада.
Тілсіз жау 6:30-да ауыздықталған және 07:10-да толық сөндірілген. Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген.
Қазір оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр. Комитеттің хабарлауынша, жалынды сөндіруге отыздан астам өрт сөндіруші мен 8 арнайы техника жұмылдырылған.
Сонымен бірге, өрт орнына апаттар медицинасы орталығы мен Төтенше жағдайлар комитетінің бригадалары шақырылған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram