{metadescription}
ВИДЕО: Петропавлда Toyota жаяу жүргінші қағып кетті

ВИДЕО: Петропавлда Toyota жаяу жүргінші қағып кетті

Жаяу жүргінші көптеген жарақат алған, алайда аман қалған.

Петропавлда көлік жолдың рұқсат етілмеген жерінен кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

Оқыс оқиға болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды. 

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ішімдікке тойып алған жаяу жүргінші жолдың рұқсат етілмеген жерінен кесіп өткен.

"Toyota автокөлігінің жүргізушісі Батыр Баян көшесінде алкогольді ішімдік ішіп алып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші көптеген дене жарақатымен 3-ші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды", — деп атап өтті ІІД.

Жол-көлік оқиғасы дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді. Тергеу барысында бірқатар қажетті сараптама тағайындалады. 

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде