{metadescription}
Қазақстандық боксшы қыз Мексикада жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы қыз Мексикада жеңіске жетті

Сатыбалдинова бүгін, 22 сәуірде мексикалық Аннет Пабеллоға қарсы Тихуанада (Мексика) жекпе-жек өткізді.

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова кәсіби деңгейдегі бірінші жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жек төрт раундтан тұрды, оның нәтижесінде барлық төреші жеңісті Сатыбалдиноваға берді.

Осылайша, қазақстандық боксшы қыз бірінші жеңісіне екінші жекпе-жекте ғана қол жеткізді. Себебі, Сатыбалдинова 17 наурызда АҚШ-та кәсіби рингтегі тұңғыш жекпе-жегін өткізді.

Ол кезде қарсыласы америкалық Лиза Портер болды. Жекпе-жек төрт раундтан тұрды, алайда төрешілер кімнің мықты екенін анықтай алмады.

Енді боксшы қыз 28 сәуірде АҚШ-та келесі кездесуін өткізеді, алайда қарсыласының кім болатыны әзірше белгісіз.

Дереккөз: Vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.