{metadescription}
Джордж Буш жан сақтау бөліміне түсіп қалды

Джордж Буш жан сақтау бөліміне түсіп қалды

АҚШ-тың 41 президентінің жағдайы жұбайы қайтыс болғаннан кейін нашарлап кетті.

93 жастағы үлкен Буш сепсистің (қанға түсіп кеткен инфекция организмді зақымдады) кесірінен ауруханаға жатып қалды.

Әйгілі отбасының өкілі экс-президент ем қабылдауда және оның жағдайы туралы жедел ақпарат беріп тұратынын хабарлады.

Үлкен Джордж Буштың денсаулығы 18 сәуірде жұбайы қайтыс болғаннан кейін сыр берген. 92 жасында көз жұмған Буш ханым ұзақ уақыт қалқанша безін зақымдайтын Грейвс ауруымен ауырған.

Айта кетейік, Джордж Герберт Уокер Буш 1924 жылы 12 маусымда Массачусетс штатындағы Милтон қалашығында дүниеге келді. Ол 1989-1993 жылдар аралығында АҚШ-тың президенті болды. Үлкен Джордж Буш мемлекет тарихындағы ең ұзақ өмір сүріп жатқан жалғыз экс мемлекет басшысы.

Дереккөз: Baq.kz 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде