{metadescription}
ВИДЕО: Өртке оранған үйдің бесінші қабатынан бір қыз секіріп кетті

ВИДЕО: Өртке оранған үйдің бесінші қабатынан бір қыз секіріп кетті

24 сәуірге қараған түні Ош қаласында 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты.

Алты адам ауруханаға түсті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметі бойынша, бесінші қабаттағы екі пәтердің есіктері, дәліз бен жиһаз жанып кеткен.

Өрт сөндірушілерді сағат 23:23-те шақырған. Өрт сағат 00:50-те толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Куәгерлер болған оқиғаны видеоға түсіріп алған. Кадрлардың біріне бір қыздың өртке оранған бесінші қабаттан секіргені түсіп қалған. ТЖМ мәліметі бойынша, ешкім қаза болған жоқ.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде