{metadescription}
Петропавлда телефон зарядтайтын орындықтар пайда болды

Петропавлда телефон зарядтайтын орындықтар пайда болды

Орындықтарға күн батареялары орнатылған.

Петропавлда тегін WI-FI пайдаланып, гаджеттерді зарядтауға болатын күн батареялары орнатылған орындықтар пайда болды.

Орындық емен ағашынан жасалып, күн батареясы орнатылған, үстінен аса берік органикалық әйнекпен жабылған екен, сол себепті батареяға жауын-шашын да, аяз да, қатты жел де әсер етпейді.

Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қалада төрт смарт-орындық орнатылыпты: екеуі – қалалық әкімдік алдында, екеуі – облыстық әкімдік алдында.

"Орындық USB-порт арқылы екі гаджетті зарядтауға болады. Сонымен қатар, тегін WI-FI функциясы бар", — деп мәлімет берді әкімдік.

Орындықты өндіруші — "Branch Bench" беларус фирмасы. Арнайы тапсырыспен жасалған, Қазақстанда басқа аналогы жоқ.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде