Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ФОТО: ШҚО-да Ленин тіріліп, сенбілікке шықты
ШҚО-ның Жарма ауданы Әуезов кентінде өткен сенбілік көпшілікті таң қалдырды.
14:26 27.04.2018
Онда қызыл жүйенің көсемі Ленин нұсқау беріп, белсенділік танытқандарды марапаттады.
Оның атқосшысы ретінде «пулеметші Анка» мен «революцияның бас матросы» Павел Дыбенко дейтін кейіпкерлер жүр.
Кейін Ленинді «тірілткен» облыстық драма театрдың орыс труппасының әртістері екені мәлім болды. Бұл идеяның бастамашысы әрі жүзеге асырушы кен өндірумен айналысатын жергілікті алпауыт компания болып шықты.
– Бұл шараның ешқандай саяси астары жоқ. Бар болғаны елді тазалыққа шақырып, сенбілікке бір адамдай атсалыстыру үшін ұйымдастырған көрініс болатын, — дейді сенбілік ұйымдастырған кен өндіруші компанияның жұртшылықпен байланыс бойынша маманы Бейбіт Әскерханов
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram