Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ФОТО: Кішкентай ісік салдарынан бойжеткен қолынан айырылды
Филиппин тұрғыны Джой Арсилла қатерлі ісік салдарынан қолынан айырылып қалды.
15:56 27.04.2018
2012 жылы 16 жастағы Джой қолында пайда болған безеуді байқайды. Бойжеткен оны маса шаққан болар деп аса мән бермейді. Бірақ ісік күннен-күнге ұлғая түседі.
Дәрігерлерге жүгінген Джойға қолындағы ісік Юинг саркомасының салдарынан шыққанын айтады.
Осылайша сүйектің қатерлігі ісігі ауруына шалдығады.
2013 жылдың сәуір айында Джой Арсиллаға күрделі ота жасалып, дәрігерлер аурудан айыққанын айтады.
Өкінішке орай бір жылдан кейін ісік қайта жанданып, басынан бастап емделуге тура келеді. Салдарынан Джой 17 рет химиотерапиядан өтеді.
Джой дертінің басқа мүшелеріне таралып кетпеуі үшін, қолын кесіп тастауға шешім қабылдайды. Оңай шешім болмасада батыл қыз осыны жөн санайды.
Қолыннан айырылған Джой өзің бұрынғыдан жақсы сезінетінің алға тартты. Бұрынғыдай барлық уақытты ауруханада емес достарымен өткізетініне және оқуға көп уақыт бөлетініне қуанышты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram