Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әлемдегі ең кішкентай зымыран ұшырылды
Жапонияда жасалған әлемдегі ең кішкентай зымыран осы жылы ақпан айында ұшты.
17:08 27.04.2018
Ол орбитаға жасанды серікті шығара алатын ең кішкентай зымыран болып табылады.
Оның ұзындығы бар болғаны 9,5 метр болса, диаметрі – 50 см, ал салмағы – 2,6 тонна. Қазір ұшып жүрген зымыранның ішіндегі көлемі ең кішкентайы осы.
Ракета көлемі кішкентай болғандықтан, оның жасалуы мен ұшырылуына көп шығын кеткен жоқ. Оған 400 миллион иен (3,47 миллион доллар шамасында) ғана қаражат жұмсалды. Бұл әдетте ұшырылатын зымыранға кететін шығынның жүзден бір бөлігін ғана құрайды.
«Әлемде біз жасап шығарған зымыранға ұқсас зымыран жоқ. Бұл елімізде ғылым мен техникасының және ұзақ жылдар бойы жасалған еңбектің арқасы», - деді жоба басшысы Хирото Хабу.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram