Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Google Play Music музыкалық сервисі жабылады
"Google" компаниясы ағымдағы жылдың соңына дейін өзінің танымал "Play Music" музыкалық сервисін жабу ниетінде.
17:46 27.04.2018
Оның орнын мүлде жаңа бағдарлама "YouTube Remix" басады. "YouTube Remix" музыкалық қызметі жайында өткен жылдың аяғында айтыла бастаған еді.
Сол кезде жаңа сервис "YouTube"-қа "Spotify" және "Apple Music"-пен бәсекелесуге көмек көрсетеді делінген болатын. Жаңа бағдарлама "Spotify" бағдарламасына ұқсап пайдаланушыларға тректерді олардың сұрауы бойынша ұсынып отыратын болады.
"YouTube" музыкалық сервисінің басшысы Лиор Коэнның айтуына қарағанда жаңа сервис "Google Play Music" және "YouTube"-тің ең жақсы жақтарын өзіне қамтыған. Жаңа платформаға компания қашан өтетінін мәлімдемеді.
Бірақ, "YouTube" әкімшілігінің соңғы баяндамасында айтылғандай, бұл жайында барлық пайдаланушыларға алдын ала ескерту хаты жіберіледі.
Дереккөз: massaget
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram