{metadescription}
Жамбыл облысында аударылған автобустың ішінде Өзбекстанның 17 азаматы болған

Жамбыл облысында аударылған автобустың ішінде Өзбекстанның 17 азаматы болған

Батыс Еуропа - Батыс Қытай күре жолының Жамбыл облысы аумағындағы бөлігінде тіркелген жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейі белгілі болды.

Еске сала кетсек, өткен сенбі күні Қордай ауданындағы Соған ауылы төңірегінде «Mersedec Sprinter»  маркалы шағын автобус аударылып кеткен. Сол кезде оның салонында бір жүргізуші 18 жолаушы болған. Үш адам қаза тапты, қалғандары Қордай аудандық ауруханасына және Гвардейский кентіндегі медициналық - санитарлық бөлімге жеткізілді.

Тек екі жолаушы ғана қазақстандық болып шықты. Қалғандары Өзбекстан азаматтары. Олар Алматыға нәпақа табу үшін бара жатқан. Ажал құшқандардың біреуі қазақсандық, ал екеуі -өзбекстандық.

Mersedec Sprinter автобусы шымкенттік тасымалдаушыларға тиесілі.

«Сот алды тергеу жүргізілуде, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Дерексөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде