Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жас жігіт оқушыларға пышақпен шабуылдады – қаза тапқандар бар
Қытайдың Шэньси провинциясы Юйлинь округы Мичжи уезінде оқушыларға жасалған шабуыл салдарынан тоғыз адам құрбан болды.
11:20 28.04.2018
Бұдан бұрын 7 адам қаза тапты, 12-сі зардап шекті деп хабарланған еді. Екі бала алған жарақатынан ауруханада көз жұмыпты.
Шабуыл жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18.10-да болған, ол кезде балалар сабақтан шығып, үйлеріне қайтып бара жатыпты. 1990 жылы туған Чжао деген жігіт бұрын сол мектепте оқыған екен. Ол жолында бірінші кезіккен оқушыларды пышақтай бастаған.
Шабуыл жасаған жігіт бұрын сол мектепте оқыған.
Ұсталғаннан кейін Чжао полицияға берген жауабында мектепте әлімжеттік жасаған сыныптастарынан осылайша кегін алмақ болғанын айтқан.
Тергеу жалғасып жатыр, зардап шеккендер ауруханада.
Дерексөз: sputnik.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram