{metadescription}
Головкин биыл үш рет рингке шығуы мүмкін

Головкин биыл үш рет рингке шығуы мүмкін

WBA Super, WBC, IBF мен IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық былғары қолғап шебері биыл үш рет рингке шығады деп жоспарлап отырғанын айтты.

5 мамырда GGG америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте WBA, WBC және IBO белбеулерін қорғайды.

Кейін қазақстандық панчер күзде және жыл соңында айқас өткізуі мүмкін.

«Біз қыркүйекте жұдырықтасамыз деп үміттенемін, кейін желтоқсанда рингке шығамыз. Барынша көп әрі ұзақ бокстасқымыз келеді. Бүгінде Геннадий - спорттың осы түріндегі ең мықты боксшы. Оны бағалауымыз керек», - деді Санчес Yahoo!

Дереккөз: Sports.kz

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде