{metadescription}
ФОТО: Жапонияның Әділет министрі кешірім сұрады

ФОТО: Жапонияның Әділет министрі кешірім сұрады

Жапонияның Әділет министрі Ёко Камикава полицияның жұмысы үшін халқынан кешірім сұрады.

Осыдан үш апта бұрын Мукаисима аралының тұрғындарының үрейі ұшумен болды. 

Өйткені күш құрылымдары түрмеде отырған бір қылмыскердің қашып кеткенін хабарлаған болатын.

Полиция ұзақ уақыт бойы қылмыскерді таба алмай әуре-сарсаңға түсті.

"Біз қазір егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп, мұндай оқиға енді қайталанбайды деп уәде береміз", - деді Жапония Әділет министрі Ёко Камикава.

Полиция үш апта бойы қашқынды іздестірумен болды. 27 жастағы Тацума Хирао ұрлық жасағаны үшін сотталған. Ол Эхиме префектурасынан ұрланған көлікпен ізін суытқан.

Сосын көлігін Мукаисима аралының маңына қалдырған. Бұл небәрі 22 шақырымды құрайтын жерде шамамен 20 мың адам мекендейді.  

Қашқын жайлы естіген жұрт үйінен шығуға қорқып отырған. Полиция орманды аралап, жолдарды жауып, балабақша мен мектептерге күзет қойғанымен, ол еш нәтиже бермеді.

Ал қылмыскер 23 күн бойы қаңырап қалған иесіз саяжайдың шатырында тығылып жатқан. 

Екі аптадан соң ол баасқа аралға барып, мотоцикл ұрлап, көрші префектураға жеткен. Полицияның айтуынша, екі аралдың арасы 300 метрді құрайды.

Қашқынды Хиросима тұрғынының қоңырауынан кейін ұстады. Хиросима тұрғыны іздеу жарияланған адамды интернет-кафеден көріп қалған. 

"Ұзақ уақыт қашқынды таба алмай, тұрғындардың мазасын алғанымызға кешірім сұраймын", — деді Жапония министрі.

 



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде