{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Мешітте болған жарылыста 30-ға жуық адам мерт болды

Нигериялық мешітте жарылыс болып, онда 30-ға жуық адам мерт болды.

Сондай-ақ 50 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Муби қаласының мешітінде екі бірдей жарылыс болды.

Полицияның мәліметінше, сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат екі шамасында жанкешті лаңкес намаз уақытында мешіттегі жарылыс қондырғысын іске қосқан.

Тап сол мезетте ғимараттан 200 метр жерде екінші жарылыс болды. 

Мұсылмандар жан-жаққа бытырап қашты. 

Жарылысты әзірге еш ұйым мойнына алған жоқ.

Кұқыққорғаушы органдардың мәліметінше, шабуыл "Боко Харам" тобы содырларының ізіне ұқсайды. 

Аталмыш топ 2009 жылдан бері Африканың жұрт ең тығыз орналасқан мекендерінде әскери шараларды жүзеге асыруда. 

Сол уақыттан бері олар жұрт көп жиналатын жерлерге жанкештілерді жіберіп отырады. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде