{metadescription}
ВИДЕО: 1-мамыр қай елде қалай аталып өтті

ВИДЕО: 1-мамыр қай елде қалай аталып өтті

Бірінші мамырды әлемнің ондаған елінде атап өтеді.

Бұл мерекенің аймаққа байланысты әр түрлі аты, өзгешелігі  бар. 

Бірқатар елдерде 1-мамыр  - Еңбек күні. Көктемнің соңғы айының алғашқы күні көбінесе шерулерімен ерекше.

Сейсенбі күні Гонконгтан Лондонға дейін шерулер өтті. 

Гаванада мыңдаған адам ұлт мақтанышы Че Гевара және Фидель Кастроның портретін ұстап көшеге шықты. мінберде революционердің інісі Рауль мен оның ізбасары, Куба жетекшісі Мигель Диас-Канель тұрды.

Филиппинде манифестанттар орталық алаңда қатырылған қағаздан жасалған жын-періні өртеді. Жын-пері ел президенті Родриго Дутертені бейнелейді. 

Мадридте  тарсылдаған барабандардың күшімен тұрғындар зейнетақы мен жалақыны көтеруді талап етті.

Көшеге шыққандар халықты жалпыұлттық шеруге шығуға шақырды. 

Грекияда қызыл жалау жалпылдады. Коммунистер Афиныда шеру ұйыцмдастырып, АҚШ елшілігінің жанында аскетизм саясатын доғаруды және соғысты тоқтатуды талап етті.

Ал неміс қаласы Хемницте неонацистер ауыр еңбектің қажеттілігі мен мигранттардан құтқаруды талап етті. Жиналғандар саны мыңнан аспады. 

1 мамыр күні әр елде ұйымдастырылған шаралардың көбісі бейбіт түрде өтті.  Бірақ Парижде емес. Мұнда Франция президенті Эмманюэль Макронның саясатына қарсы кәсіподақтар наразылық шарасын өткізді. Оларға сол көзқарасты анархистер қосылды. Акция полицияның көз жасаурататын газбен атқылауымен, көлік өртеумен, жаппай тәртіпсіздікке жалғасты. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде