Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: 22 жыл бойы жағажайда құмнан жасалған лашықта тұрып келеді
Рио-де Жанейро тұрғыны Марсиу Матолиаш 22 жыл бойы жағажайда тұрып келеді.
11:00 03.05.2018
Ол құмнан сарай тұрғызып, соның ішінде ұйықтап, тамақ ішіп, кітап оқиды.
Марсиу Матолиаштың жасы 44-те. Өмірінің қақ жартысын осы сарайда өткізуде.
Марсиудің сарайын хан сарайы деу қиын, аумағы бар-жоғы үш шаршы метр.
Бірақ оның айтуынша, тамақтанып, ұйықтап, кітап оқу үшін оған осы тар жер жеткілікті.
"Мен бақыттымын! Маған солай айтады, кітаптан да оқығам - бұл адамның көңілінің жастығы. Ішкі дүнием бақытты. Жыласам да, күлсем де өзімді бақытты сезінем! Бақыт - өзіңе көңілің толу. Ал өзіңе дән риза болсаң, сен бәрінің көңілінен шығасың. мен үшін ол бақыттың көрсеткіші", - дейді ол.
Марсиудың айтуынша, кезінде оның кәдімгі үйі болған, сосын мына сарайды салған соң қызығып кетті. Күн сайын айналасына құрғап, құлап кетпес үшін су құйып тұрады. Тіпті қабыршақтанып кеткен жерлерін де жапсырып, қалпына келтіріп қояды. Ұсақ-түйек жұмысының ауқымы өсіп, көп уақытын ала берген соң ол жағажайға көшіп келіпті.
Пәтерақы төлемейді. Ал тамағын есіктің алдында әзірлейді. Қарсы алдындағы өрт сөндіру станциясына тиын-тебен төлеп суға жуынып алады.
Марсиуды сарайдан кетірудің жалғыз амалы - қапырық. Аптап ыстықта ол досының үйіне барып қонады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram