{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Ірі құс диплом тапсыру марапатына жиналғандарды әбігерге салды

Калифорниядағы Пеппердайна университетінде өткен диплом тапсыру салтанатына ұшып келген екі бірқазан (пеликан) құсы жиналғандарды әбігерге салды.

Салтанатты рәсімге жиналған қонақтардың басынан қос пеликан ұшып өтіп айналып келіп, орындықтардың арасына қонды.

Бұл қандай құс екенін ажырата алмаған жиналғандар у-шу болып әбігерге түсті.

Әлгі пеликан отырғандардың арасына қонып, сосын сытылып сахна жаққа бет алды. 

Қонақтар мен студенттер ду етіп күлді.

Кейбіреулері тіпті қол шапалақтап мәз болды.

Ірі құстарды сахнадан қалай кетірерін білмеген қауіпсіздік сақтау қызметкерлері есі шығып абдырап қалды.

Олар тұмсығы зор құсты ұстап алуға дәті жетпеді.

Ақыры күзетшілер екі құсты көңілі көтеріліп қарқылдап күлген жұрттың назарынан аулақ жаққа жәймен қуалап, ығыстырып жіберуге тырысты.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде