{metadescription}
ВИДЕО: Дүкенде ерекше әдіспен шұжық ұрлағандар бейнебақылау камерасына түсіп қалды

ВИДЕО: Дүкенде ерекше әдіспен шұжық ұрлағандар бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Ресейдің Санкт-Петербор қаласының дүкенінде киіміне шұжық пен ірімшік тығып ұрлық жасағандар бейнебақылау камерасына түсіп қалды. 

Бейнежазбада үш жігіттің кезек-кезек келіп шұжықты артқы жағасына тығып ұрлап алғаны көрініп тұр.

Күртесінің ішіндегі жейдесінің етегі шалбарына қымталғандықтан, оған салынған шұжықтар жерге түспесі анық. Яғни, киімінің ішіне түскен шұжық сөмкеге салғанмен бірдей.

Олар төбеде орнатылған бейнебақылау камерасын білмеген болуы керек.

Супермаркет менеджері ұрлықшылардың арсыз әрекетіне таңданысын жасыра алмады.

Ұрылар бір емес, бірнеше тағамды ұрлаған.

Дүкен сатушыларының айтуынша, дүкенде тауардың жетіспеушілігі жиі орын алған. 

Барлық бейнебақылау камерасын қарап шыққан дүкен қызметкерлері ұрыларды анықтады. Енді полицияға арыз жазу ғана қалды. 

Ұрлықтың түбі қорлыққа әкелетінін есте ұстаған жөн. 

 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде