{metadescription}
Кәсіпкерлерге POS-терминалдар тегін таратылады

Кәсіпкерлерге POS-терминалдар тегін таратылады

Қазақстанда «Әр кәсіпкерге арналған абоненттік төлемсіз, тегін POS-терминал» жобасы қолға алынбақ.

Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Республикалық кәсіпкерлерді қолдау орталығының директоры Дмитрий Казанцев айтты

Оның айтуынша, 20 мамыр-22 маусым аралығында Қазақстанның 21 қаласында «Салық туралы қарапайым тілмен түсіндіру» атты кездесулер өтеді.

Мамырдың 10-ында орталық мамандары Ақтау қаласының кәсіпкерлерімен кездесіп, Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді түсіндіретін болады. Осылайша еліміздің 20 қаласын аралап болған соң сарапшылар 22 маусымда  Алматыда соңғы кездесу өткізеді.

«Жеке кәсіпкерлер штатында есепшісі жоқ жеке бизнес санатына жатады. Оларға салық кодексін меңгеру өте қиын. Терминдер өте көп. Сонымен қатар жеке кәсіпкердің кодексті оқып үйренуге де уақыты жоқ екені рас. Дегенмен, заңды түсінбеу жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан, жеке кәсіпкерлер Салық кодексін білуі тиіс. Сол үшін біздің команда өңірлерді аралап салық кодексін ұғынықты тілде мысалмен түсіндіру жұмыстарын бастамақ. Сонымен қатар, жуық арада

«Әр кәсіпкерге арналған абоненттік төлемсіз, тегін POS-терминал» жобасы қолға алынбақ. Стастистикаға келсе, кәсіпкерлердің 80 пайызында аталмыш терминал жоқ. Сондықтан, олардың табысы ашық емес болғандықтан, ондай кәсіпкерлер болашақта мемлекеттің қолдауын ие бола алмайды. Бизнесін кеңейте алмайды. Тегін Pos-терминал жобасы Қазақстанды цифрландыру процесін жылдамдатары сөзсіз», - деді Дмитрий Казанцев.

Айта кету керек, Қазақстанда интернет саудасымен айналысып жатқан кәсіпкерлер салықтан 5 жылға босатылатын болады. Алайда, ол үшін бірқатар шарт орындалуы керек.

«Кәсіпкер халық тұтынатын тауарын  жеке тұлғаларға сатуы тиіс. Сонымен қатар, төлемақысы интернет арқылы жүргізілуі, әрі жеткізілетін компаниялармен келісімшарты болуы шарт. Бұл талаптар аса қиын емес. Егер, интернет саудаға ауысамын деген кәсіпкерлер болса, оларға қалай ауысу керектігі туралы түсіндіретін боламыз», - деді Д.Казанцев.

Дереккөз:ҚазАқпарат


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде