Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: КТК арнасы DetectiveFEST байқауында төрт жүлдеге ие болды
08:00 04.05.2018
Мәскеудегі DetectiveFEST құқық қорғау органдарының телебағдарламалары және детективтік фильмдердің XX халықаралық фестивалі аяқталды. КТК телеарнасы төрт номинация бойынша үздік деп танылды.
Мерейтойлық DetectiveFEST «Қылмыс пен терроризммен күрес - бүкіл әлемдік қауымдастықтың ісі» ұранымен өтті. Байқау 17 номинация бойынша өткізілді. Қазылар алқасына әлемнің 71 елінен 600-ден астам фильм келді.
«Экологиялық қылмыс» номинациясы бойынша экология саласындағы қылмысқа қарсы күрес туралы «Главная редакция» бағдарламасының «Тыныс ал» (Дыши со мной) шығарылымымен КТК телеарнасының редакторы Ажар Оразбай жеңіске жетті.
![]() |
Ал «Қылмыстық практика» номинациясында, медицина саласындағы қылмыстарға қарсы күрес туралы, «Главная редакция» бағдарламасының авторы Анна Яломенконың «Аурудың тарихы» (История болезни) жұмысы ерекшеленді.
![]() |
«Терроризм - бейбітшілікке қауіп төндіреді» деген негізгі номинацияда «Терроризм анатомиясы» атты КТК жаңа жобасының авторы Валерий Тараканов бірінші орын алды.
Валерий Таракановтың айтуынша, терактілердің алдын алып, жастарды шиеленісті жерлерге жібермес үшін, елдегі бейбіт өмірді сақтап қалу үшін қоғамды біріктіру керек. Валерий Тараканов аталмыш фестивальда КТК арнасының атынан осымен 12-ші жыл қатар шығып келеді. Сондай-ақ бірінші орын грамотасымен қатар ол фестивальдің құрметті мүшесі - алтын кубогына ие болды. Ондай кубок әдетте аты аңызға айналған адамдарға табысталады. Сонымен қатар, Тараканов "Соғыс және бейбітшілік" номинациясындағы арнайы жүлдені жеңіп алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram