Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мәскеуде терезеден құлаған студенттің мәйіті Қазақстанға жеткізіледі
Мәскеудегі Қазақстан дипломаттары қайтыс болған студент қыздың мәйітін елге жеткізу мәселесімен айналысып жатыр.
10:00 04.05.2018
«Бүгін таңертеңнен біздің дипломаттар қыздың ата-анасының жанында болды. Қазіргі кезде олар марқұмның мәйітін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру рәсімдерімен айналысып жатыр. Ол мәскеулік уақытпен таңғы сағат 4-тің кезінде көз жұмды. Біз толықтай қолдау шараларын жасап отырмыз және марқұмның туыстарына барынша көмектесеміз. Қазіргі уақытта қыздың әкесі мен анасы Мәскеуде», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.
Оның сөзіне қарағанда, студенттің өлімі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Тергеу амалдары жалғасуда. Әзірге, істің мән-жайы бойынша нақты мәліметтерді хабарлай алмаймыз», - деп қосты ол.
Естеріңізге сала кетсек, 13 сәуірде Склифосовский ҒЗИ ауруханасына 1997 жылы туған қазақстандық Томирис Байсафаның түскендігі мәлім болды. Студент ММХҚИ оқу ғимаратынан құлап кеткен. Аталған факті бойынша РФ құқық қорғау органдарымен қылмыстық іс қозғалды.
Дереккөз:ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram