{metadescription}
Банк қызметкерлерінің смартфоны бақылауға алынады

Банк қызметкерлерінің смартфоны бақылауға алынады

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен мекемелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа талаптар бекітілді.

Ережеге сай, егер қызметкер банктің ақпараттық активтерін өңдеу үшін жеке мобильдік құрылғыларды пайдаланатын болса, онда арнайы бағдарламалық жасақтама орнатылатын болады.

Ол жеке ақпараттарды және банктің ақпараттық активтерін бөліп отырады. Мобильдік құрылғыларға орналастырылған банктің барлық ақпараттары шифрланатын болады. 

Сондай-ақ, жаңа ереже бойынша, банктер мен мекемелер жұмыс стансалары мен мобильдік құрылғылардың есебін корпоративтік желіде жүргізуі тиіс. Есептеу жүйесі электронды немесе қағаз түрінде болады.

Ол жұмыс стансасының орналасқан орны мен жеке құрылғылардың кімге тиесілі екендігін нақты түрде анықтайды.

Бұдан бөлек, пайдаланушыларға жұмыс стансаларын, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды орнатуға және оларды ретке келтірумен айналысуға тыйым салынады.

Дереккөз:ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.