{metadescription}
ВИДЕО: Қарулы топ пошта бөлімшесін тонап кетті

ВИДЕО: Қарулы топ пошта бөлімшесін тонап кетті

Ингушетияда қарулы қарақшылар пошта бөлімшесін тонап кетті. 

Бетперде киіп қаруланып алған ер адамдар зейнетақы беріп жатқан пошта бөлімшесіне кіріп келді. 

Ғаламторда тонау сәтін түсірген бейнежазба пайда болды. 

Кеше, 3-ші мамыр күні сағат шамамен 16.30-да белгісіз адамдар Ресей поштасының Назранидағы (Ингушетия) бөлімшесіне шабуыл жасады.

Бірнеше қаруланған еркек поштаның қызмет көрсететін бөлмесіне баса-көктеп кіріп келіп, хат-хабар, ақша салынған дорбаны алып кетті. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тап сол күні зейнетақы берілетін. 

Қарақшылар кемпір-шалдардың еңбек ақысына сұғын қадаған болуы керек. 

Құдай сақтап, ешкімнің өміріне қауіп төнбеді, бәрі дін-аман. 

Ақша салынған дорбаны тартып алған қарақшылар көлікке отырып тайып тұрған.  

ТАСС хабарлауынша, қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: ZAK For you (YouTube)

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде