{metadescription}
ВИДЕО: Журналист қыз тікелей эфирде футбол жанкүйерін сабап тастады

ВИДЕО: Журналист қыз тікелей эфирде футбол жанкүйерін сабап тастады

Мария Фернанда Мора есімді журналист қыз Мексикада матч кезінде футбол жанкүйерін микрофонмен сабады.  

Оның айтуынша, жанкүйер тікелей эфир кезінде оның денесіне тиіскен, - деп хабарлайды ren.tv.

Кадрда көрсетілгендей, журналист матч туралы айтып тұр, оның жанына жанкүйерлер келіп мойынорағыштарын бұлғап, шулай бастады. Ал біреуі қыздың арт жағына келіп, денесіне жабысып тұрғанын көруге болады. Шыдамы таусылған журналист бұрылып қап еркекті ұрады. 

"Менің басымда болған жағдай қоғамдық орындарда қыз-келіншектердің күн сайын көріп жүрген қорлығы!  Айырмашылығы тек менің тікелей эфирде болғанымда. Мен өзімді қорғамақ болдым", —  деді Мария.

Бастапқыда еркектің денесі кездейсоқ тиіп кетті деп ойлап қалған, бірақ, еркектің есіргені сонша, іс-әрекетін "жалғастыра берді". Журналист қыз  мұндай еркектердің тарапынан намысымызға тиетін алымсақтықты әйелдер жасырмай айтуы тиіс деп мәлімдеді. 

Источник видео: ren.tv

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.