Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Голливудтың Даңқ аллеясында Зои Салдананың жұлдызы қаланды
Голливуд актрисасы Зои Салдана Даңқ аллеясында жұлдызға ие болды.
16:30 04.05.2018
Зои Салдана Голливуд тарихына енді.
"Аватар", "Стар Трек" және "Галактика сақшылары" фильмдерінде басты рөльді сомдаған актриса Даңқ аллеясында жұлдызға ие болды.
Салтанатты рәсімге оның достары мен әріптестері жиналды.
Режиссер Джеймс Кэмерон "Аватар" фильмін түсіргенде Зоидың күлкісі бүткіл түсірілім алаңына жарқын сәт сыйлағанын айтты.
Аталмыш фильм дүние жүзінде 3 млрд. доллар жинап рекорд орнатқан.
Актрисаның өзі бұл сәтті ұзақ күткенін айтып ағынан жарылды.
Зои Салдана, актриса:
- Әпкелерімнен Голливуд шыңын бағындыра алатыныма сенесіңдер ме деп сұрағаным әлі есімде. Олар: "Әрине!" деп жауап қатқан. Сол күн маған үміт сыйлады. Егер тынбай еңбек етсең, өзің сенсең, кез келген мақсатыңа жетуге болатынына сенемін.
Салдана сондай-ақ бүкіләлемдік Marvel - "Кекшілдер: Шексіз соғыс" картинасына түсті. Ол фильм бірінші аптада-ақ рекорд орнатты. Бейсенбіде Ресей прокатына шықты. Таяу арады қазақ елінде де көрсетілмек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram